"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРШАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ КЕНТІНІҢ МЕКТЕП - ЛИЦЕЙ"  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ ПОСЕЛКА ЖИБЕК ЖОЛЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АРШАЛЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Оқу–тәрбие үдерісінде оқушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жасанды интеллект қолдану»

30.01.2026

Мектеп - лицейде  «Оқу–тәрбие үдерісінде оқушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жасанды интеллект қолдану» тақырыбында аумақтық әдістемелік күн өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру болды.

Әдістемелік күн аясында ашық сабақтар, шебер-сыныптар және практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, онда жасанды интеллект құралдарын оқу және тәрбие үдерісінде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Педагогтер цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша өзара тәжірибе алмасып, білім алушылардың функционалдық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Іс-шара қорытындысында жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне жүйелі түрде енгізудің маңыздылығы атап өтіліп, педагогтерге әдістемелік ұсынымдар берілді.

Просмотров: 13

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст