30.01.2026
📚✨ 2026 жылғы 27 қаңтарда Жібек Жолы кентіндегі мектеп-лицейде 2–11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өтті.
Байқауға 14 дарынды оқушы қатысып, түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жобалар ғылым, экология, математика, тіл білімі, химия және өзге де өзекті тақырыптарды қамтыды.
Оқушылар:
🔹 зерттеу жүргізу дағдыларын
🔹 логикалық ойлау қабілеттерін
🔹 өз жобаларын қорғаудағы шешендік шеберліктерін көрсетті.
Бұл байқау оқушылардың ғылыми ойлауын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға және зерттеушілік қызметке қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік болды.
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға, ғылыми жетекшілерге және әділқазылар алқасына алғыс білдіреміз 👏
Оқушыларымызға алдағы уақытта сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз! ✊🏻